БастыСпорт

«Манчестер Сити» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық кездесуінде «Пари Сен-Жерменді» 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Англияда өткен қарымта кездесуде екі голды Рияд Марез соқты. Бір апта бұрын Париждегі ойын да «МС» пайдасына аяқталған еді.

Осылайша ағылшындық команда алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты. Ал команда бас бапкері Пеп Гвардиола соңғы рет финалға он жыл бұрын «Барселонаны» шығарып, жарыс жеңімпазы атанған еді.

Финалға шыққан екінші команда бүгін анықталады. Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында «Челси» мадридтік «Реалды» қабылдайды. Бірінші кездесуде қарсыластар тең түсті – 1:1.

Чемпиондар лигасы. 1/2 финал

«Манчестер Сити» (Англия) — ПСЖ (Франция) — 2:0 (1:0)

Гол соққандар: Марез, 11 (1:0), Марез, 63 (2:0)

Ескерту алғандар: Эррера, 22. Верратти, 71. Зинченко, 72. Де Брейне, 74. Кимпембе, 87. Данилу Перейра, 89.

Алаңнан қуылды: Ди Мария, 69.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button