БастыҚоғам

5 мамыр күнгі ауа райы болжамы

5 мамыр күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің тек солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде екпінді жел, тұман күтіледі. Оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Жамбыл облысының таулы аумағында бұршақ күтіледі, кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман болады.

Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Қызылорда, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман болады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button