Елімізде бір апта ішінде 3016 қылмыс жасалды

Елімізде бір апта ішінде 3016 қылмыс жасалды, оның 2001-і тәулік ішінде ашылды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі өткізген тікелей эфирде айтылды.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 14 кісі өлтіру, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 33 тонау және 463 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Еске сала кетсек, өткен аптада полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтірудің – 8, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің -3, қарақшылықтың – 3, тонаудың – 20 және бөтен мүлікті ұрлаудың – 488 фактісін ашқан болатын.