БастыҚоғам

Вакциналаудың толық курсын өткендерге бірқатар шектеу жойылады

КВИ-ға қарсы вакциналаудың толық курсын өткендерге бірқатар шектеу жойылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар санының біртіндеп ұлғаюына байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен КВИ-ға қарсы вакциналаудың толық курсы бар тұлғалар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды», – деді Алексей Цой.

Атап айтқанда, оның сөзіне қарағанда COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсы болғанда ауруханаға жатқызудың кез келген түрінде, ұйымдастырылған ұжымдарға барғанда, еңбек демалысынан, іс-сапардан оралғанда, науқастануына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде ПТР тест талап етілмейді.

«COVID-19-дың нақтыланған жағдайымен байланысты болғандар оқшауланбайды. Бірақ, медициналық бақылау қамтамасыз етіледі. Кеңселік ұйым қызметкері қашықтан жұмыс істеу форматына жіберілмейді», – деді министр.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button