БастыЭкономика

Биыл шағын және орта бизнеске 2,5 трлн теңге несие беріледі

Үкімет отырысында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары талқыланды.

Жыл соңына дейін шағын және орта бизнес өкіллдеріне берілетін жеңілдетілген несиенің көлемі 2,5 трлн теңгеге жетеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.

«2020 жылдың 3 тоқсанында экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 30,5 пайызға жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерімен 2020 жылы 32,7 трлн. теңгеге өнім шығарылды», – деді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда аталмыш сала 3,4 млн адамды жұмыспен қамтып отыр. Министр «Іскерлік ахуалды жақсарту бойынша қабылданған реформалар Қазақстанға 2019 жылы Doing Business рейтингінде 25 орынға көтерілуге мүмкіндік бергенін еске алды.

«Пандемия жағдайында және кәсіпкерлер үшін жалғасып жатқан шектеулер кезеңінде шағын және орта бизнесті қолдау ерекше өзекті болып отыр. Осыған байланысты, ағымдағы жылы Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың бірінші тоқсанында 663 млрд. теңге сомасына 16 мыңнан астам жоба жеңілдетілген қаржыландыру алды. Жыл қорытындысы бойынша 2,5 трлн теңгеге жеңілдетілген несиемен 47 мыңнан астам жоба қамтамасыз етіледі», – деді Әсет Ерғалиев.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button