БастыҚоғам

9 өңір – «қызыл» аймақта

Қазақстанның 9 өңірі коронавирус індетінің таралу қаупі жоғары «қызыл» аймақта тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Министрдің дерегінше, сырқаттану көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 107-орында, ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 108-орында тұр.

«Тәуекелі жоғары аймақта 9 өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр. Өткен аптада Павлодар мен Жамбыл облысы «қызыл» аймаққа өтті. Эпидемиологиялық тәуекел орташа аймақта Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғысту облыстары кіреді. Ал Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта», – деді Алексей Цой.

Сонымен қатар ол 4 мамырдағы деректерге сәйкес, Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтижесімен 330 071, ал теріс нәтижесімен 52 093 науқас тіркелгендігін атап өтті.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button