БастыМәдениет

Президент Imanbek туралы ойын айтты

Мемлекет басшысы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты, - деп хабарлайды Ақорда.

«Осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю бақытын сыйлаған дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды. Жобаның 2019 жылғы қатысушысы Иманбек Зейкенов жақында ғана Grammy сыйлығын жеңіп алып, оның аты бүкіл әлемге жайылды. Оның жетістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдесіз. Жобаның төртінші маусым жеңімпаздарының жетістіктері де ешкімді бей-жай қалдырмайды», – деді Мемлекет басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button