БастыҚоғам

Өскеменде 60 жастағы әйел суға батып кетті

 Өскемен қаласында 60 жастағы әйел суға батып кетті.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 сәуір күні сағат 13.30 шамасында құтқарушыларға Ертіс өзенінде әйел адамның ағып келе жатқаны туралы хабар түсті.

«Үш қайыққа мінген жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу оқиға орнына жетті. 10 адамнан тұратын жеке құрам жағалауға барлау жүргізген. Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына патрульдік полицейлер де көмек көрсетті. Көп ұзамай 60 жастағы әйел адамның денесі табылды. Қазіргі таңда оның жеке басы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына су жағасында барынша абай болу қажеттігін ескертеді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button