БастыДенсаулық

Қазақстанда төтенше жағдай енгізіле ме?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтты.

«Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимін енгізу қаралып жатқан жоқ. Бірақ заңнамаға сәйкес бұл ережені Мемлекет басшысы енгізіп, мемлекеттік комиссия қабылдайды», – деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, негізгі шарт бойынша елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап, төсек-орын жүктемесі 70%-тен асқанда ТЖ режимі енгізіледі.

«Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктеме түскен кезде қатаң шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданады», – деді ол.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button