БастыӘлем

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болып жатыр – БАҚ

Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданының Жаны-Жер ауылында жергілікті тұрғындар атылған оқтың астында қалған. Бұл туралы Кабар ақпараттық агенттігі хабарлады.

Қырғыз тарапының тұжырымы бойынша, қақтығыс толық тоқтамаған.

«Расымен де, шекара маңы ауылдарында атыс болып жатыр. Шекарадағы жағдай күрделі болып қалуда», – деп жазды агенттік.

Еске сала кетсек, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды. Қырғызстанның Баткен облысының Баткен ауданының «Головной» елді мекенінде жағдай шиеленісіп кетті. Қырғыз тарапы қақтығыс аймағынан 848 адам көшірілгенін мәлім етті.

Қырғызстан мен Тәжікстан 29 сәуірде сағат 20:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button