Бастыпроисшествие
Алматыда заңсыз жүрген 344 шетелдік жауапкершілікке тартылды
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың үш айында қалаға 16 053 шетелдік азамат келді.
«Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4 641 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 344-і шетел азаматы. 81 шетелдік әкімшілік жолмен елден шығарылды. Әкімшілік тұрғыдан 29 жұмыс беруші басқа елдердің азаматтарын Қазақстан заңдарын өрескел бұзып жұмысқа қабылдағаны үшін жазаланды», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді.