БастыДенсаулық

Коронавирус: Елімізде дәрілік препараттардың 2 айлық қоры бар

Коронавирусты емдеуге арналған дәрілік заттардың 38 позициясы бойынша препараттардың 2 айлық қоры бар. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Дәрімен қамтамасыз етуде іркілістерді болдырмау үшін бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында Сovid-19-ды емдеуге арналған дәрілік заттардың 38 позициясы бойынша 6 млрд теңгеден астам сомаға препараттардың 2 айлық қоры айына 60 мың пациентті қамту үшін қалыптастырылды», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта зертханалық ПТР-тестілеудің қуаты тәулігіне 123 мыңға дейін жеткізілді.

«Қалаларда уақытылы медициналық көмек көрсету үшін 16 модульдік инфекциялық ауруханасы салынды. 36 мыңға жуық төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілген. Медициналық ұйымдардың өкпені жасанды желдету аппараттарына қажеттілігі толық қамтамасыз етілді», – деді А. Цой.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button