БастыДенсаулық

2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеден асады

Бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрігерлер жалақысын көтеруге қатысты түсінік берді.

«Медициналық ұйымдарды білікті кадр ресурстарымен жасақтау үшін біз тиісті іс-шараларды қарастырдық. Бұл тұрғыда медицина қызметкерлерін даярлауға гранттар санын ұлғайту, дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу, медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен, яғни 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге дейін көтеру ескерілген», – деді министр.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы, яғни дәрігерлерге 30 пайызға, орта медицина қызметкерлеріне 20 пайызға өсті.

«Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 210 мың теңгені құрайды», – деді А. Цой.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button