
Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 231 мың теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.
2021 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 230 829 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 115,2%, ал нақты жалақы индексі 107,4% құрады.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 509,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 420,8 мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 345,7 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 328,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 116,1 мың теңге және сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша -141,8 мың теңге белгіленді.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 405,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 166,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 27,8%-ға төмен.