БастыДенсаулық

Еліміздің бас санитар дәрігері қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов шетелге баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жолдады, – деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.

«Жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалы нашар елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды жоспарлаған бәріңізге мәлімдеме жасағым келеді.

Мен коронавирус инфекциясы кең тараған Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропа, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне барудан бас тартуды сұраймын. Бұл елдерде күн сайын қауіпті індетті жұқтырғандар саны еселеп артып, антирекорд көрсеткіш көрсетіп жатыр.

Ғалымдар коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіреді деп дабыл қақты.

Сондықтан демалысты кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екенін ұмытпаңыз», – делінген бас санитария дәрігерінің хабарламасында.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button