2626 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 2626 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.

Аймақтар бойынша:  Нұр-Сұлтан қаласы – 396, Алматы қаласы – 822, Шымкент қаласы – 101, Ақмола облысы – 111, Ақтөбе облысы – 196, Алматы облысы – 329, Атырау облысы – 80, Шығыс Қазақстан облысы – 80, Жамбыл облысы – 21, Батыс Қазақстан облысы – 113, Қарағанды облысы – 179, Қостанай облысы – 17, Қызылорда облысы – 53, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 74, Солтүстік Қазақстан облысы – 28, Түркістан облысы – 23.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 273915.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды.

30 сәуірдегі ақпарат бойынша, коронавирус инфекциясынан 42 730 адам (42 235 КВИ+ және 495 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 207 пациент стационарда, 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 763 адамның жағдайы ауыр; – 196 пациенттің жағдайы өте ауыр; – 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.