БастыСпорт

«Қайрат» «Барселонаға» қарсы ойнайды

Футзалдан «Қайрат» командасы Чемпиондар лигасының жартылай финалында өнер көрсетеді.

Алматылық аяқдоп шеберлері Португалияның «Бенфикасын» 6:2 есебімен ұтты. Матч басынан қазақстандық спортшылар ширақ қимылдап, қарсыластың қақпасын көздеумен болды. Алайда командаға сары қағаз көп берілгендіктен бас қақпашы Игита ойынан шеттетілді. Оның орнын алаңда 19 жастағы Нарын Серіков алмастырды. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған шетелдіктер көп ұзамай таразы басын теңестіріп, ойын қосымша уақытта жалғасты. Осы сәтте Рикардо Каканың шәкірттері 4 мәрте гол соғып, кездесу жеңімпазы атанды.

Енді 1 мамырда «Қайрат» финалдық сынның жолдамасын турнирдің үш дүркін чемпионы «Барселона» клубымен сарапқа салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button