
29 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 526 адам коронавирус инфекциясынан (42 038 КВИ+ және 488 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 709 пациент стационарда, 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 760 адамның жағдайы ауыр; • 199 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 114 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2883 адамда коронавирус анықталды.
Өңірлер бойынша: Алматы қаласында – 53144 (+695), Нұр-Сұлтан қаласында – 44562 (+584), Шығыс Қазақстан облысында – 24745 (+92), Қарағанды облысында – 23100 (+258), Атырау облысында – 21783 (+110), Алматы облысында – 20944 (+185), Павлодар облысында – 20527 (+112), Батыс Қазақстан облысында – 19030 (+153), Ақмола облысында – 18146 (+140), Қостанай облысында – 14683 (+25), Солтүстік Қазақстан облысында – 13939 (+27), Шымкент қаласында – 9226 (+114), Ақтөбе облысында – 8984 (+128), Жамбыл облысында – 7737 (+79), Маңғыстау облысында – 5618 (+62), Түркістан облысында – 5370 (+42), Қызылорда облысында – 5427 (+77). Айта кетейік, 27 сәуір күнгі бір тәулікте Қазақстанда коронавирус – 2682 адам, 26 сәуірде 2276 адамда анықталған болатын. Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны – 316 965.