БастыТехнология

Электронды үкімет жүйесі: Қазақстан ТМД-да көш басында тұр

Қазақстан электронды үкімет жүйесін дамыту бойынша ТМД елдері арасында көшбасшы атанды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Қазақстан 2020 жылы электронды үкіметті дамыту көрсеткіштері бойынша БҰҰ рейтингінде (UN Global E-Government Development Index) 193 елдің ішінде 29-орынды, ал ТМД елдері арасындағы рейтингте 1-орынды иеленді», – деп жазды Анар Жайылғанова.

Сондай-ақ агенттік төрағасы қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізімінде 686 қызметтің 94,4%-і (648) электрондық форматқа көшірілгені туралы айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button