2021 жылдың 28 сәуірінде Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Орталық Азия бойынша баламасы жоқ алғашқы «Этносаясат» магистрлерін даярлайтын екі жылдық білім беру бағдарламасының ашылу рәсімі болды.
Жаңа бағдарламаның ашылу салтанатында сөз алған Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов «Бірлік, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы!» тақырыптық ұранымен өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы қарсаңында, сондай-ақ, ЕҰУ-дың 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 7М03108 – «Этносаясат» жаңа білім беру бағдарламасының ашылуы мен іске қосылғандығы туралы хабарлады.
Содан кейін этносаясат магистрлерін даярлау бойынша факультетаралық және кафедрааралық жаңа бағдарламаның тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия елдерінде де баламасы жоқ екенін жеткізе келіп, жаңа бағдарлама Журналистика және саясаттану, Халықаралық қатынастар факультеттерінің ғылыми-білім беру базасында іске асырылатынын атап өтті.
– Биылғы оқу жылында менің атыма ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен саясаттанушы-этносаяси магистрлерін даярлау қажеттілігі туралы нақты ұсыныстар келіп түсті. Аталған министрліктің құрамында Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі арнайы комитет жұмыс істейді, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ашылған болатын.
Этносаясат саласында аналитик-сарапшыларды даярлау қажеттілігі мемлекеттік деңгейде де, азаматтық институттарда жұмыс істеу үшін де айтарлықтай өсті. Өңірлік деңгейде – бұл Ішкі саясат басқармаларының басшылары, мемлекеттік қызметшілер, Республикалық мемлекеттік мекемелермен «Қоғамдық келісім» КММ, сондай-ақ Достық үйлерінің қызметкерлері, өңірлердегі ҚХА кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы, осы аталған санаттардың барлығы да білікті кәсіби кадрларға мұқтаж. Оқыған мамандар этносаралық қарым-қатынастарды зерделеп, шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына сараптамалар әзірлей алады.
Біздің ЖОО-да ашылатын магистрларды даярлау өзекті бағытының міндеті – қарқынды жүріп жатқан жаңғыру үрдістерімен этноинтеграциялық процестерге бағытталып, практика сұраныстарын шешу, саяси басқаруды жетілдіру және этносаралық қатынастар саласын реттеу мәселелерін шешетін болады.
«Этносаясат» екі жылдық білім беру магистрлік бағдарламасын ашық деп жариялаймын. Факультеттерден жарнамалық және кәсіптік бағдар беру науқанын бастауды, жұмыс берушілермен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасауға кірісуі керек – деді Ерлан Сыдықов.
Айта кеткен жөн, жаңа бағдарламаны қазіргі заманның болмысын, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың конституциялық қағидаттарын білім беру саласына енгізу мақсатында Саясаттану кафедрасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы бірігіп дайындады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамбелясы кафедрасы да алғаш болып ЕҰУда ашылған болатын.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының тәжірибесінде мұндай білім беру бағдарламалары бұрын-соңды болмаған, дегенмен шетелдік тәжірибеде этносаясат бойынша білім беру бағдарламаларына әртүрлі инновациялық тәсілдер кеңінен қолданылады.
Білім беру бағдарламасы негізінен этникалық топтар, ұлт сияқты қоғамдастықтардың саяси субъективтілігін зерттейтін саясаттану саласы ретінде ғана емес, этникалық қатынастар, ұлтты қалыптастыру және шоғырландыру саласындағы мемлекеттік саясат ретінде қарастырады.
Білім беру бағдарламасын дайындауда кадрларды даярлау басты назарға алынған. Сондықтан барлығы ОП кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленіп, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңбері аясында ұйымдастырылып отыр.