БастыҚоғам

Ер адамды құтқарған жастар марапатталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Семей қаласының екі жас тұрғыны алғыс хаттармен марапатталды. Оларды ШҚО ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Нұрпейісов тапсырды.

2021 жылдың 27 сәуірінде ер адамды судан құтқарды. Кездейсоқ жақын жерде болғандықтан жастар оқиға орнына қарай жүгірді. Ағынмен келе жатқан ер адамды көріп, олар жағалау бойымен жүгірді, содан кейін 22 жастағы Әбілмансұр Төлеуғали суға секіріп, ер адамды судан алып шықты, оған досы Мерей Маутбеков көмектесті. Сондай-ақ, Мерей жедел жәрдем дәрігерлері келгенге дейін зардап шегушіге реанимациялық іс-шаралар жүргізді.

«Біз адамға көмек көрсету керек екеніне күмәнданбадық, бірақ өзен ағысы күшті және қорқынышты болғанын жасырмаймыз. Менің ойымша, біздің орнымызда кез-келген еркек осылай істейтін еді. Барлығы кинодағыдай болды, жағдай бойынша әрекет еттім, алғашқы көмек көрсету дағдыларын бірінші рет қолдандым, бірақ бәрін дұрыс жасадым», – деді Мерей Маутбеков.


ШҚО ТЖД азаматтарға су айдындарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді.
Төтенше жағдай кезінде құтқарушыларға 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button