Бастыпроисшествие
Асылып қалған ер адам балалар ойын алаңынан табылды
Қайғылы жағдай бүгін Орал қаласы И.Ларин көшесінің бойындағы көпқабатты үйдің ауласында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Полиция қызметіне хабарлама таңғы сағат 06:15 шамасында келіп түскен. Марқұм 60 жаста болған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Ер адамның өзі сол үйде тұрып келген. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», – деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.