БастыҚоғам

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Алакөлге қатынайтын рейстер бекітілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытындағы теміржол бағыттарының тізімін бекітті.

Биыл жазда Алматы мен Нұр-Сұлтанды «Достық» стансасымен жалғайтын жаңа пойыз жолға шығады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы Самат Ғылымов ведомствоның Telegram-каналында айтты.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Алакөлге қатынайтын пойыздар мен тіркеме вагондардың санын арттыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіп отыр.

17 маусымнан бастап халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін аптасына үш рет «Алматы-Достық» пойызы қатынай бастайды.

Сондай-ақ, жаз мезгілінде Нұр-Сұлтан–Достық пойызы жолға шығарылады», – дейді комитет төрағасы.

Министрлік бекіткен Алакөлге қатынайтын теміржол бағыттарының тізімі мынадай:

1. № 453/454 «Алматы-2–Достық», жаз бойы, аптасына 3 рет;

2. «Қызылорда–Семей» бағытындағы №21/22 пойыз құрамында «Алматы–Достық» рейсі, жаз маусымында, күн сайын 8 тіркемелі вагон жүреді;

3. № 258/257 «Нұр-Сұлтан–Достық», жаз бойы, аптасына 2 рет;

4. № 54/53 «Нұр-Сұлтан–Достық», аптасына 2 рет;

5. №121/122 «Нұр-Сұлтан–Семей», жаз бойы, күн сайын 6 тіркемелі вагон;

6. «Алматы–Достық» қатынасындағы жаңа жолаушылар пойызы (10 вагон), 2021 жылдың маусымынан бастап аптасына 3 рет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button