БастыҚоғам

Алдағы күндері 3 градусқа дейін үсік жүреді

Қазгидромет 29 сәуір – 1 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Сондай-ақ, Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button