БастыДенсаулық

Елімізде 42 мың адам коронавирустан емделіп жатыр

Елімізде 42 549 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

26 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 549 адам коронавирус инфекциясынан (42 100 КВИ+ және 449 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 273 пациент стационарда, 27 276 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 769 адамның жағдайы ауыр;
• 179 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 113 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2499 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 214, Алматы қаласы – 760, Шымкент қаласы – 40, Ақмола облысы – 107, Ақтөбе облысы – 247, Алматы облысы – 164, Атырау облысы – 104, Шығыс Қазақстан облысы – 60, Жамбыл облысы – 182, Батыс Қазақстан облысы – 50, Қарағанды облысы – 202, Қостанай облысы – 132, Қызылорда облысы – 13, Маңғыстау облысы – 87, Павлодар облысы – 65, Солтүстік Қазақстан облысы – 43, Түркістан облысы – 29. Жалпы пандемия басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны – 314 082. Оның ішінде жазылғандар саны – 268 439. Айта кетейік, 25 сәуір күнгі бір тәулікте елімізде коронавирус – 2 716 адамда, 26 сәуірде 2276 адамда анықталған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button