БастыСаясат

Ресейде заңсыз жүрген ҚР азаматтарына үндеу жасалды

Ресей аумағында заңсыз жүрген қазақстандықтар 15 маусымға дейін ҚР ішкі істер органдарына жүгінуі қажет. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды.

Биылғы жылдың 15 маусымына дейін Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары аталмыш ел аумағында болуын заңдастыруы қажет. Кері жағдайда РФ-дан кетуге міндетті. Мұндай талапты Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі қойып отыр.

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, Ресейде заңсыз жүрген азаматтар санатына келесілер жатады:

– мүлдем тіркеуге тұрмаған;

– уақытша тіркеуінің, уақытша болу рұқсатының және тұрғылықты тұруға рұқсатының уақыты өтіп кеткендер.

«Онымен бір мезгілде қазақстандықтар заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды», – деді министрліктен.

Ал Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартқысы келмегендер және елден өз еркімен кеткісі келмегендер елден мәжбүрлеп шығарылатын болады. Бұдан бөлек, РФ аумағына қайта кіруге шектеу қойылуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button