БастыҚоғам

Ashyq жобасына қатыспайтын кафелердің жұмыс уақыты қысқарады

Нұр-Сұлтанда Ashyq жобасына қатыспайтын кафе, мейрамханалар мен басқа да ШОБ нысандарының жұмыс уақыты қысқарады. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Кафелер, мейрамханалар сағат 20:00-ге дейін, ал жобаға қатысушылар аптаның кез келген күні 00:00-ге дейін жұмыс істей алады.

«Бұл жоба коронавирустың таралуын болдырмауға көмектеседі. Себебі ол келушілер мен қызметкерлерді қауіпті індеттен қорғайды. Қауіпсіз жобаның арқасында кинотеатрлар, фитнес-клубтар, бассейндер, театрлар сияқты көптеген нысандар жұмысын қайта бастады. Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейтін бизнес нысандары барлық күндері 00:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал өзгелеріне – 22:00-ге дейін әрі демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған. Егер олар өз қызметкерлері мен келушілерінің қауіпсіздігі туралы ойламаса, олардың жұмыс уақытын 20:00-ге дейін қысқартуға мәжбүр боламыз», – деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Үкімет отырысында Ashyq жобасы бойынша қызметін қайта бастаған «Астана Балет» және «Астана Опера» театрлары жобаның қауіпсіз және тиімді жұмысының үлгілі мысалдары болып саналатыны айтылды. Бұл театрлардың жұмыс тәжірибесін өңірлерге кеңейту қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button