БастыҚоғам

«Ashyq» жобасын қанша қазақстандық қолданады?

«Ashyq» жобасын 378 мыңнан астам қазақстандық қолдана бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Шектеу іс-шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы теңгерімді орнату мақсатында «Атамекен» ҰКП Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, 2021 жылдың қаңтарынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруды бастады. 26 сәуірден жоба бүкіл ел бойынша таратылуда», – деді министр.

Оның атап өтуінше, бүгінде «Ashyq» жобасы фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, бассейндерде, боулинг, бильярд және компьютер клубтарында, кинотеатрларда, театрларда, концерт залдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, облысаралық, қалааралық тұрақты емес жолаушылар тасымалында қолданылады.

«27 сәуірдегі мәліметке сәйкес, жоба қатысушыларының жалпы саны – 1658, ал қосымшаны қолданушылар 378 мыңнан астам адамды құрайд», – деді Алексей Цой.

Басқа жаңалықтар

Back to top button