БастыМәдениет

Президент Күләш Ахметованы 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жамбылдық ақын Күләш Ахметованы 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Күләш Ахметованы арнайы құттықтап барған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев белгілі қаламгерге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізіп, оқып берді. Мемлекет басшысы Күләш Ахметованың өлеңдерінің өміршеңдігін атап өткен. Оның шығармашылығындағы лирикалық образдар жарқын әрі нақ суреттеліп, дүниедегі құбылыстар ақын көзқарасымен оқырмандарын еріксіз баурайтындығы айтылған. Өз құттықтауында Мемлекет басшысы Күләш Ахметоваға зор денсаулық және шығармашылық табыс тілеген.

Бердібек Сапарбаев ақынды мерейтойымен құттықтап, гүл шоғын табыс етті.

«Сіздің өлеңдеріңізді бірнеше жас буын ұрпақ сүйіп оқып, өсті. Шығармашылығыңыздың негізі адал достық пен махаббат, жомарттық пен патриотизм десек, сол арқылы жас ұрпақты дұрыс жолға тәрбиелеуге үлес қосып келесіз. Сіздің парасатты поэзияңыз арқылы қалың оқырман ой түйіп, жақсылыққа ұмтылып, бойың түзейді», – деп атап өтті өңір басшысы.

Күләш Ахметова ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері. Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button