БастыДенсаулық

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша әлемде 52-орында тұр

Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар саны бойынша әлемде 52-орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Бүгінде Қазақстан азаматтарын вакцинациялау «Спутник V» және «QazVac» вакциналарымен жүргізіліп жатыр. Қазақстан COVID-19-ға қарсы әлемдік вакцина өндірушілердің ондығына кірді. Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан 177 елдің ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар саны бойынша 52-орында тұр», – деді министр.

Оның атап өтуінше, вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Бұл вакцина алатын  халықтың 20 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Жұмыс жалғасуда. Вакцинациямен қамту елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», – деді Алексей Цой.

Басқа жаңалықтар

Back to top button