БастыДенсаулық

Елімізде 2494 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетінен 2494 адам емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 453, Алматы қаласы – 620, Шымкент қаласы – 50, Ақмола облысы – 93, Ақтөбе облысы – 257, Алматы облысы – 276, Атырау облысы – 96, Шығыс Қазақстан облысы – 50, Батыс Қазақстан облысы – 73, Қарағанды облысы – 186, Қостанай облысы – 35, Қызылорда облысы – 39, Маңғыстау облысы – 26, Павлодар облысы – 103, Солтүстік Қазақстан облысы – 72, Түркістан облысы – 65, Түркістан облысы – 9. Айта кетейік, 25 сәуір күні ел өңірлерінде коронавирустан 1799 адам айыққан болатын. Пандемия басталғалы елімізде 311 400 адам коронавирус жұқтырса, соның 265 940-ы жазылып шықты.

Айта кетейік, 27 сәуірдегі мәлімет бойынша, қазіргі уақытта 42 260 адам коронавирус инфекциясынан (41 861 КВИ+ және 399 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 785 пациент стационарда, 27 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 756 адамның жағдайы ауыр; – 179 пациенттің жағдайы өте ауыр; – 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button