БастыҚоғам

Көкшетауда 12 жасар бала із-түзсіз жоғалып кетті

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 12 жастағы ұл бала іздестірілуде, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, сәуірдің 26-да сағат 14:21 Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 1984 жылғы ер адам хабарласып, 12 жастағы ұлы Сергей Александрович Кривоножконы іздеп табуға көмек сұрады. Ер адамның сөзінше, ұлы сағат 13:00 шамасында қарындасын №16 орта мектепке әкеткен. Содан үйіне қайтып келмеген, қайда жүргені белгісіз.

Жоғалған бала үстіне қара шалбар, қара кроссовка, көк күртке және қара бас киім киген.

Тәртіп сақшылары жоғалған баланы көрген адамдар немесе оның жоғалғанына қатысты қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, бірден «102» арнайы желісі бойынша полицияға хабарласуды сұрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button