
Мәскеуде жартылай финалға бірнеше күн бойы іріктеу өтті. Оған Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Армения, Грузия, Израиль, Аустрия, Аустралия, Нидерландыдан 80 музыкант қатысты. Онда Mezzo тобы ABBA тобының репертуарынан, Westside story мюзиклінен ән орындады, өздерінің авторлық әнін де айтты. 19-25 тамыз аралығында Сочиде өтетін байқаудың финалына 20 әртіс өтті.
Mezzo – классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ. Олар 2012 жылы құрылған. Топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады. Ұжым 2012 жылы X Factor Kazakhstan конкурсында 2-іші орын алып, танымалдылыққа ие болды.