БастыСаясат

Президент Атырау облысының әкіміне дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онда Президент облыс әкіміне ірі өндірістік кәсіпорын басшыларымен бірлесіп,  індеттің алдын алуды және онымен күрес шараларын уақтылы қабылдауды тапсырды.

– Індеттің жаңа толқыны келгеннен бері жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар көбеюде. Олардың саны соңғы бір айда екі есеге артты.  Ал емдеу мекемелерінде қажетті дәрі-дәрмек пен құрал жабдықтар әлі де жеткіліксіз екені анықталып отыр. Бұл ахуал адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Білікті мамандардың тапшылығы да  жағдайды ушықтырып отыр.  Облыста 207 дәрігер жетіспейді. Соның ішінде ауылдық жерлерге 52 дәрігер қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент облыс басшылығына емдеу мекемелерін дәрі-дәрмекпен және медициналық құралмен қамтамасыз ету, анестезиология және жан сақтау бөлімдерін толық жабдықтау, дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу міндетін жүктеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button