БастыДенсаулық

Бір күнде 2893 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда 21 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 2 893 адамда коронавирус індеті расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 574, Алматы қаласы – 695, Шымкент қаласы – 112, Ақмола облысы – 97, Ақтөбе облысы – 117, Алматы облысы – 240, Атырау облысы – 140, Шығыс Қазақстан облысы – 93, Жамбыл облысы – 69, Батыс Қазақстан облысы – 185, Қарағанды облысы – 225, Қостанай облысы – 33, Қызылорда облысы – 72, Маңғыстау облысы – 108, Павлодар облысы – 55, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Түркістан облысы – 51. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 297 839.

Айта кетейік, өткен тәулікте 2 373 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 388, Алматы қаласы – 724, Шымкент қаласы – 27, Ақмола облысы – 94, Ақтөбе облысы – 134, Алматы облысы – 348, Атырау облысы – 97, Шығыс Қазақстан облысы – 68, Жамбыл облысы – 27, Батыс Қазақстан облысы – 119, Қарағанды облысы – 177, Қостанай облысы – 28, Қызылорда облысы – 32, Маңғыстау облысы – 24, Павлодар облысы – 44, Солтүстік Қазақстан облысы – 20, Түркістан облысы – 22. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 254 971.

Басқа жаңалықтар

Back to top button