БастыДенсаулық

Коронавирус: Қазақстан 23 күн бойы «қызыл» аймақта тұр

Қазақстанның 10 өңірі «қызыл» аймақта тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

«Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 141 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Тәулігіне 700 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 3 млн-нан астам адам қайтыс болды. Өлім көрсеткіші 2,1 пайызды құрап отыр. ДДҰ-ның алты аймағының бесеуінде аурудың өсу тенденциясы байқалады. 21 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында COVID-19 оң нәтижесімен 294 946 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 52 025 жағдай тіркелді. КВИ-дің оң нәтижесімен ауырған 252 598 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен ауырған 50 839 науқас емделді», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 23 күн бойы тәуекелдің жоғары аймағында, яғни «қызыл» аймақта тұр.

«Сондай-ақ тәуекелі жоғары аймақта 10 өңір бар. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстары. Бүгінгі күні тәуекелдің орташа аймағында 4 өңір, атап айтқанда Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстары бар. Жасыл аймақта Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары орналасқан», – деді Ерлан Қиясов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button