БастыҚоғам

Маңғыстау облысында теңіз жағасында 20 түйенің өлігі пайда болды

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы теңіз жағасына 20 түйенің өлігі пайда болды. Мамандардың сөзінше, жануарлар суға батып кеткен, – деп хабарлайды Lada.kz.

Түйелердің өлігі кеше, 20 сәуірде Қосе жағалауында табылған.

Мамандар жануарлар көктем басталған мерзімде суға батып кеткен деп есептейді.

«Қатты дауыл салдарынан жануарлар теңіз жағасына шығып кеткен. Бүгінде аудандық әкімдік, төтенше жағдай бойынша облыстық департамент пен аудандық ветеринарлық станция түйелердің өлігін жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр», – дейді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button