БастыҚоғам

Елордада 23 сәуірден бастап күн жылынады

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша осы аптаның соңына қарай елордада күн жылынады деп күтіліп отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бүгін, яғни 21 сәуірде Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 7-9 аязға дейін төмендейді, күндіз 8-10 градус жылы болады.

22 cәуірде күндіз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде — -5-7 градус, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Ал 23 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 13 градус жылы болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button