БастыҚоғам

Шымкентте суррогаттық алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

Шымкентте суррогат арақ-шарап жасайтын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері арақ өнімдерін шығаратын жасырын цехты анықтады. Заңсыз кәсіпорыннан 7 мыңнан астам арақ өнімі және 12,9 тонна құрамында спирті бар сұйық тәркіленді.

Жүргізілген бірнеше сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген арақ-шарап – суррогат өнім, ал есепке алу-бақылау маркасы жалған екендігі анықталған. Мемлекетке 4 млн теңге залал келтірілген, оны күдікті толық өндірді.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес тәркіленген сұйық – 96% этил спирті екендігі, мемлекеттік стандарттарға талаптарға сәйкес келетіндігі көрсетілген. 1 литр этил спиртінің орташа бағасы 1 400 теңге болып есептелген, яғни тәркіленген этил спиртінің жалпы бағасы 18 млн теңге.

Нәтижесінде, тәркіленген спирт өнімі мемлекет кірісіне алынып, ал суррогат алкогольді өнім жойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button