
21 сәуірдегі мәлімет бойынша, 39 318 адам коронавирус инфекциясынан (38 889 КВИ+ және 429 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 756 пациент стационарда, 25 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 671 адамның жағдайы ауыр; • 185 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушыларға қатысты 19 сәуірдегі мәлімет бойынша 135 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған. 66 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап барлық науқастар саны – 52 025, 757 адам өлім тіркелген, 50 839 адам сауығып кеткен.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2418 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 455, Алматы қаласы – 680, Шымкент қаласы – 26, Ақмола облысы – 93, Ақтөбе облысы – 142, Алматы облысы – 223, Атырау облысы – 102, Шығыс Қазақстан облысы – 63, Батыс Қазақстан облысы – 150, Қарағанды облысы – 153, Қостанай облысы – 132, Қызылорда облысы – 44, Маңғыстау облысы – 52, Павлодар облысы – 55, Солтүстік Қазақстан облысы – 32, Түркістан облысы – 16. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 252598.