БастыСаясат

Мемлекет басшысы Берік Имашевті қабылдады

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау органдарының екінші жартыжылдықта өтуге тиіс аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық округтерден тыс ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындығы туралы баяндалды.

Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button