БастыДенсаулық

Коронавирус: Елордада қай жастағы тұрғындар жиі ауырады

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы КВИ жұқтырғандардың жас мөлшерін айтып берді.

«Ауырғандардың ең жоғары деңгейі бұрынғыдай ересектер арасында тіркелген, олар жалпы сырқаттанудың 79,9%-ын құрайды, балалар үлесі – 17,3% және жасөспірімдер 2,8%. Ересектер арасында 30%-ы 30-39 жас аралығындағы топқа тиесілі. Сәуір айынан бастап егде жастағы адамдар арасында жағдайлардың 2,2%-ға, 18-29 жастағы адамдар арасында 0,7% ға өсуі байқалады», – деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингіде.

Наурызда динамикада 14 жасқа дейінгі балалар арасында ақпан айымен салыстырғанда 2,3 есе өсу байқалды, яғни ақпанда – 479 жағдай, наурызда – 1 106 жағдай, сәуірдің алғашқы 20 күнінде наурыз айымен салыстырғанда 1,3 есе – 1 447 жағдайдың өсуі байқалды.

«Ал сәуір айында жалпы сырқаттану құрылымындағы балалардың үлес салмағы 0,8%-ға азайды, бұл әсіресе 7-10 жас аралығындағы топ оқушыларына қатысты қабылданған шектеу шараларының тиімділігін көрсетеді, онда төмендеу 5%-дан 4%-ға дейін болды. Балалар арасында ең жоғары аурушаңдық 3-10 жас тобында 54,5%-ды құрайды», – дейді спикер.

Сырқаттану құрылымында ауырғандардың негізгі үлесі жұмыс істейтін халыққа тиесілі – 43,6 %, жұмыс істемейтіндер – 23,4%, зейнеткерлер – 15,3 %, оқушылар – 11,1 %. Бұл ретте сәуір айында жұмыс істейтіндер арасында ауырғандардың үлес салмағы 4,2%-ға, жұмыс істемейтін халықтың 5,5%-ға, сондай-ақ оқушылар арасында 4%-ға төмендегені байқалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button