БастыҚоғам

Таразда белгісіз біреу балаларға оқ атқан

Тараздағы облыстық балалар ауруханасына жарақат алған үш бала түсті. Үшеуі де кәмелетке толмаған. Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тараз қаласының полиция басқармасына «облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған  үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді» – деген хабарлама түсті. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысты жасаған күдікті анықталып, ұсталды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Жасөспірімдердің жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төндіп тұрған жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button