БастыМәдениет

Театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды

Қазақ театр және кино өнері орны толмас қазаға ұшырады. М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық академиялық драма театрының актрисасы ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті.

Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалды Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Соңғы рет телефон соғып жылы сөздерін айтып, біраз сырласып едік. Әрдайым ақылын айтып жүретін асыл апамыз еді. Қайтеміз енді. Өмір жалған деген осы. Қайғыра көңіл айтамын»,- деп жазды ол.

Актриса «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Біржан сал», «Айналайын», «Ләйләнің зары», «Кемпір», «Зауал» және тағы басқа фильмдерде ойнаған.

Сонымен қатар, Ғазиза Әбдінәбиева 1996-2000 жылдары көрсетілген «Перекресток» сериалында Розаның және 2001 жылы көрсетілген «Саранча» телесериалында Маргоның ролінде ойнаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button