БастыҚоғам

Елордада ораза ұстағандарға ыстық тамақ таратылды

Қасиетті Рамазан айында елорданың дін істері жөніндегі басқармасы мен діндерді зерттеу орталығы «Нұр-Астана» мешіті ұжымымен бірлесіп, аузы берік мұсылмандарға ыстық тамақ тарата бастады. Бұл туралы қала әкімдігінен хабарлады.

Рамазан айы сәуір айының 13 күні басталып, 12 мамырға дейін жалғасады. Мамыр айының 8-нен 9-на қараған түні Қадір түні, 13 мамыр күні Ораза айт мерекесі атап өтіледі.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мешіттерде жылдағыдай ауызашар өткізілмейді. Сондықтан карантин талаптарын сақтай отырып, әрбір адамға жекелеген тамақ бокстары жеткізілді. Сонымен қатар, мешіттерде тарауық намазы мен жұма намазы да оқылмайды.

Айтат кетершігі, Рамазан айына байланысты ақпаратты немесе дін саласына қатысты қандай да бір сұрақ пен ұсыныс болса iKomek109 нөміріне хабарласуға болады, қоңырау шалу тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button