БастыСаясат

Алтай Көлгінов Қоғамдық кеңестерге тапсырма берді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан  қалалық филиалының төрағасы, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен партия филиалыСаяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Іс-шара эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өткізілді.

Күн тәртібінің бірінші мәселесінде бастауыш партия ұйымдарының есеп беру жиналыстарын, өңірлік және аумақтық филиалдардың конференцияларын өткізу кестелері бекітілді. Филиалдың сайланбалы органдары (Саяси кеңес, Саяси кеңес бюросы, бақылау комиссиялары) мен БПҰ төрағаларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты                           19 сәуір мен 14 мамыр аралығында партиялық жиналыстар мен конференциялар өткізіледі.

Қазіргі таңда партия филиалының қатарында 306 БПҰ,  оның құрамында               37 мыңнан астам партия мүшесі бар.

Күн тәртібінің екінші мәселесінде «Nur Otan»партиясы   Нұр-Сұлтан қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған 11қоғамдық кеңестің төрағалары мен құрамы бекітілді. Кеңес төрағалары болып депутаттар елорда мәслихатындағы партия фракциясының мүшелері және қоғамдық  көшбасшылар бекітілді.

Филиал басшысы Қоғамдық кеңестерге партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасыныңорындалуын бақылауды тапсырды, оның ішіндеқаланы дамытудың 13 негізгі басым бағыттарыкірді. Бағыттардың басым бөлігі қолжетімді тұрғын үйлердің, оқу орындарының, медициналық орталықтардың құрылысын жүргізу, газдандыру жұмыстарын жүргізу, қаланың шет аймақтарындамыту, жол-инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнесті қолдау және т.б.

Отырыс соңында филиал төрағасы барлық қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, зор денсаулық, еңбекте мол табыс тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button