Басты

Алматы зообағында екі қонжық дүниеге келді

Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді. Зообақ қонжықтар есіміне байқау жариялады.

«Біздің зообағымызда жақында тянь-шаньдық қонжықтар өмірге келді. Енді біз осы жаңа туған екі қонжыққа лайықты ат қоюға байқау жариялаймыз. Ұсыныс-пікірлеріңізді бөліссеңіздер болады», – делінген хабарлама

Тянь-Шань қоңыр аюы – Памир, Тянь-Шань және Гималай тауларында тұратын қоңыр аюдың оқшауланған аз түрі. Ол салыстырмалы түрде кішкентай: дене ұзындығы 140 см-ге дейін, салмағы 300 кг-ға дейін жетеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button