БастыҚоғам

ТЖМ: Қазақстанның 10%-ын әлі де қар басып жатыр

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады.

«Қар жамылғысының жай-күйі туралы айтар болсақ, Қазақстан аумағында ақпанның аяғында және наурыздың басында ауа райы нашарлады және еліміздің шамамен 10%-ын әлі де қар басып жатыр. Бұл негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, ішінара Қостанай облыстары және Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аудандары», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр ақпан айының басынан бастап ТЖ жөніндегі комиссия отырыстары, оның ішінде Үкімет отырыстары өткенін, онда нақты іс-шаралар айқындалғанын және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары бойынша тапсырмалар берілгенін айтты.

«Алдын ала жасалған жұмыстар бүгінгі күні елді мекендерді су басу қауіптері барынша азайтылған деп айтуға мүмкіндік береді», – деді Юрий Ильин.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button