
Қазақстанда 2021 жылдың 15 сәуіріндегі жағдай бойынша, 36 436 адам короновирус инфекциясынан (35 941 КВИ+ және 495 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы.
Емделіп жатқандардың ішінде 12 451 пациент стационарда, 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 591 адамның жағдайы ауыр; • 172 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2641 адамнан коронавирус анықталды және 2002 адам коронавирустан жазылды.