БастыҚоғам

Жамбылда 4 ауыл ішімдік сатудан бас тартты

Рамазан айында Жамбыл ауданының Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты және Қапал ауылдары ішімдіктен түбегейлі бас тартып, бүкіл мұсылман қауымына үлгі боларлық іс жасады. Ислам дінінде рұқсат етілмеген әрі харам саналатын ішімдіктің таралуына және сатылуына ауылдықтар түгелдей қарсы болған.

Осы бір игілікті іс туралы Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев әлеуметтік желілерге жазды.

«Ауыл қариялары мен жастары бастамашыл болған игілікті істі жергілікті дүкен иелері де мақұлдап, зиянды сусынды тек осы айда ғана емес, мүлде сатылымға шығармайтынын уәде етті. Бұл – батагөй ақсақалдарымыздың және жалынды жастарымыздың еңбегі.
Алла Тағала қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамыз бен құлшылығымызды қабыл етсін! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтсын! Дінімізге қуат, өзімізге иманның байлығын берсін», дейді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button